Танымал әнші Абай Бегей концерт барысында жұбайына бір шоқ гүл сыйлап, сезімін білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Абай Бегейдің жары Фариза Жұманова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видеомен бөлісті.
«Жәннатым. Күтпеген жерден осындай тосын сый жасағаныңызға рахмет, «саған ризамын» деген сөзіңіз қатты жылатты. Алла бізді тіл көзден сақтасын, ұл қыздарымыздың куанышына тоймай жүре берейік», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары жұпқа өздерінің ізгі тілектерін жазып жатыр.
«Екі жанның бір бірін жүрекпен түсінуі қандай сезім», «әрбір жетістікке жеткен ер адамның артында әйелдің шексіз махаббаты тұрады», «ешкімнің қолынан келмейтін ерлік жасадыңыз» және «жүрегім қысылып, жылап қалдым» деп жазып жатыр олар.



