Ресейде Екатерина Биволға қатысты қазақстандықтар мен қырғыздарға бағытталған қорлайтын мәлімдемелері үшін әкімшілік іс қозғалды, деп жазады qandastar.kz.
Санкт-Петербург қаласының сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Биволдың бұрынығы әйеліне қатысты Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20.3.1-бабы бойынша (өшпенділік немесе араздық қоздыру, сондай-ақ адам қадір-қасиетін кемсіту) іс тіркелген.
Сот мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 5 қарашада ГУ МВД России-нің Санкт-Петербург пен Ленинград облысы бойынша «Э» орталығының қызметкерлері интернет желісінен 22 қазанда Telegram-арналардың бірінде жарияланған бейнежазбаны анықтаған.
Лингвистикалық сараптама қорытындысына сәйкес, видеода айтылған сөздер ұлтына, тіліне және шығу тегіне қарай біріктірілген адамдар тобына — атап айтқанда, қырғыздар мен қазақтарға — қатысты жағымсыз баға беруді қамтиды. Сарапшылар бұл негативтің балағат сөздер мен бейәдеп лексика арқылы берілгенін, сондай-ақ бір адамдар тобының екіншісінен «табиғи (генетикалық) тұрғыда артықшылығы» туралы тұжырымдар бар екенін атап өткен.
Аталған іс бойынша сот отырысы 2026 жылғы 29 қаңтарға тағайындалды.


