Жаңалықтар

Қарағандылық көлігімен бірге ашық құдыққа түсіп кетті

Қарағандының Юго-Восток, Степной ауданында таңғы сағат 7:30 шамасында жүргізуші қар астында жасырынған ашық құдықты байқамай, көлігімен тікелей соған түсіп кеткен. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Qazaqtoday парақшасына сілтеме  жасап хабарлайды. 

Сол сәтте көлікте кішкентай баласы бар әйел отырған, абырой болғанда, адам шығыны тіркелмеді, алайда темір тұлпарға айтарлықтай зақым келген. Куәгерлердің айтуынша, жолды қалың қар басып қалғандықтан, қауіпті шұңқыр мүлде көрінбеген.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба тұрғындардың ашу-ызасын қоздырып, коммуналдық қызметтердің салғырттығын тағы бір мәрте әшкереледі. Қала әкімдігі ашық құдықтарды дер кезінде жауып, тексермей отырғанда, қарапайым халықтың өмірі күн сайын ажалмен бетпе-бет келіп отыр. Қазір тұрғындар жауапты мекемелерден нақты шара қабылдауды және кінәлілерді қатаң жауапқа тартуды талап етуде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button