«Соңғы махаббат» фильміне арналған сұхбат барысында актриса әрі әнші Ақбота-Нұр жеке өміріне қатысты сыр шертіп, көпшіліктің назарын аударды, деп жазады qandastar.kz.
Сұхбатта жүргізуші Аян Өтепберген өнер иесінен өміріндегі соңғы махаббатынан қандай сабақ алғанын сұраған. Осы сауалға жауап берген Ақбота бір кездері бір адамды шын мәнінде «соңғы махаббатым» деп қабылдағанын жасырмады. Алайда уақыт өте келе бұл сенімнің ақталмағанын ашық айтты.
«Соңғы махаббатым осы деп ойладым, сендім. Өкінішке қарай, ол менің соңғы махаббатым емес болып шықты», — деді ол.
Әншінің айтуынша, бұл қарым-қатынас оның өмірінде үлкен із қалдырып, махаббатқа деген көзқарасын өзгерткен. Соған қарамастан, Ақбота-Нұр болашақтағы шынайы махаббатынан үміт үзбейтінін жеткізді.
«Алдағы соңғы махаббатымнан көп нәрсе күтемін», — деп атап өтті ол.
Өнер иесінің бұл сөздері көпшілікті бейжай қалдырмады. Әлеуметтік желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жолдады.
Пікірлер арасында «Ақбота бақытты болуға лайық», «Жақсы адам жолықсын», «Бір күйген адам сақ болады» деген жазбалар жиі кездесуде.



