Қазақстандық актриса, «Томирис» фильмінің жұлдызы Альмира Тұрсын екінші рет ана атанды, деп жазады qandastar.kz.
Ол бұл қуанышты сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында перзентханадан түсірілген әсерлі суретпен бөлісу арқылы жариялады, деп хабарлайды NUR.KZ.
«Біздің қызымыз дүниеге келді — Айя-Сафия. Бұл — менің арманым, дұғам, Алланың берген жауабы мен сыйы. Жаратқанға сансыз шүкір!» — деп жазды ол.
Жарияланған суретте актриса аурухана палатасында шоколад түстес жібек пижама киіп, жаңа туған қызын құшағына алып отыр.
Сәбидің әкесі — белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram