ЖаңалықтарСпорт

«Шексіз қуаныш»: Михаил Шайдоров қазақстандықтарға алғысын білдірді (ВИДЕО)

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қазақстандықтарға ойындардағы қолдауы үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.

«Барлық қазақстандыққа, трибунада, экран алдында қолдаған жанкүйерлерге, әлеуметтік желіде пост жазғандарға алғыс білдіремін! Мемдер де өте көп болды. Бұл мен үшін шексіз қуаныш. Соңғы екі күнде не сезінгенімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен тіпті ұйықтаған да жоқпын, бірақ сіздерге барлық күш-қуатымды бөліп, алғысымды айтамын», — деді мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы.

Естеріңізге сала кетейік, мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында өткен финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров керемет өнер көрсетіп, Олимпиада чемпионы атанған болатын.

Шешуші кезең – еркін бағдарламада ол рекордтық 198,64 ұпай жинап, қарсыластарын айқын басымдықпен артта қалдырды.

Турнир қорытындысы (24 спортшы):

1-орын: Михаил Шайдоров – 291,58 ұпай
2-орын: Юма Кагияма (Жапония) – 280,06 ұпай
3-орын: Шун Сато (Жапония) – 274,90 ұпай

Ұқсас Мақалалар

Back to top button