Бурабайда қарапайым демалыс ауыр трагедияға ұласты.
26 жастағы қыз квадроциклмен ағашқа соғылып, қазір өмір мен өлімнің арасында жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Дәрігерлер оның жағдайын «аса ауыр» деп бағалап отыр.
Қатты соққы салдарынан бойжеткен бірнеше ауыр жарақат алған.
Қазір ол жансақтау бөлімінде, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Мамандардың айтуынша, ота жасау мүмкін емес — жарақат тым ауыр.
Оқиғадан кейін өңірде бақылау күшейді.
Полиция демалыс аймақтарындағы квадроциклдер мен қарда жүретін техникаларды жаппай тексеруге кірісті. Негізгі мақсат — туристердің қауіпсіздігін күшейту және мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу.
Құзырлы органдар демалушыларға экстремал техникаға отырмас бұрын қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын ескертіп отыр.



