Әлеумет және қоғам

Италиядағы Олимпиада: конькимен жүгіруден 1500 метрге жарыс өтті

Италиядағы Олимпиадада 1500 метрге коньки жарысы өтті. Қазақстан спортшылары арасында ең жоғары нәтиже Елизавета Голубеваға тиесілі.

Елизавета Голубева. Фото: Сали Сабиров / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықтағы жарыс өтті, деп хабарлайды Qandastar.kz Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко қатысты. Ел спортшылары арасынан ең жоғары нәтижені Елизавета Голубева көрсетіп, 1:54.86 уақытпен жетінші орынға тұрақтады.

Надежда Морозова дәл сондай уақыт көрсеткішіне ие болып, 12-орын алды. Арина Ильященко 1:58.43 нәтижемен жарысты 24-орында аяқтады.

Жарыс қорытындысы бойынша нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонг 1:54.09 уақытпен Олимпиада чемпионы атанды. Күміс медаль норвегиялық Рагне Виклундке (1:54.15), ал қола жүлде канадалық Валери Мальтеге (1:54.40) бұйырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button