Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Шымкентте 8 жастағы баланың асқазанынан бір бума шаш шықты (ФОТО)

Шымкенттік дәрігерлер 8 жастағы баланың асқазанынан бір бума шашты алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Қалалық балалар клиникалық ауруханасы қабылдау бөліміне 8 жасар бала 7 тәулік бойы ішінің ауруына, тәбетінің болмауына және құсу белгілеріне шағымданып түскен.

Әжесінің айтуынша, бала соңғы күндері тамақтан бас тартқан.

Дәрігерлер тексеру барысында іш қуысын пальпациялау кезінде асқазан тұсынан бөгде түзілісті анықтады.

Жүргізілген инструменталды зерттеулер нәтижесінде асқазанда бөгде дененің бары белгілі болды.

«Бала шұғыл түрде отаға алынып, хирургиялық араласу барысында асқазаннан ірі көлемді шаш жиынтығы алынды. Мұндай жағдай медицинада трихобезоар деп аталады. Бұл – асқазанда жиналған шаш массасы. Аталған сырқат салыстырмалы түрде сирек кездеседі және көбіне балаларда, жасөспірімдерде, сондай-ақ 30 жасқа дейінгі жас әйелдер арасында байқалады», — делінген мәлімдемеде.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы бірқалыпты, медициналық бақылауда.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button