ЖаңалықтарШоу бизнес

Әнші Еркін Нұржанов сүйінші жаңалығымен бөлісті

Әнші Еркін Нұржанов желіде гендер-патидан видео жариялап, отбасындағы қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әншінің отбасында қыз бала дүниеге келмек.

«Ассалаумағалейкум! Бұл видеоны 1-ші УЗИ-ден соң-ақ түсіріп қойғанбыз. Тіл-көз бар ғой деп салмап едік, енді салуға тура келді. ‎Анам (марқұм) тұңғышы маған аяғы ауыр кезінен, босанғаннан кейін маған 6-7 ай болғанда әкесінің (нағашы атам) көзіне әрең көрінген екен! Әлбетте ұялғанынан ғой. Бұны айтқаным, жәй сол кезден қазірге дейін қаншалықты алға, қаншалықты артқа дамыдық екен деп ойлаймын. Осы видеоны түсірерде келіншегіме жәйлап осы әңгімені бастап көріп ем, «Туу қойшы, сен де шал құсамай» деді. Қожанасыр айтқандай, «Ее, қатын, сенікі де дұрыс» дедім» — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары ізгі тілектерін білдіріп жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button