Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен кетті

Бауыржан Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды», — делінген мәлемдемеде.

Бауыржан Артықов 1973 жылы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында туған.

1991 жылдан 1993 жылға дейін мерзімді әскери қызмет атқарды.

Взвод командирінен бастап Десанттық — шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығына дейінгі лауазымдарда әскери қызмет атқарды.
02. 2023-дан бастап 02.2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы Департаментінің бастығы болды.

2024 жылғы 5 ақпанда Мемлекет басшысының Өкімімен «Батыс»өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

II дәрежелі «АЙБЫН» орденімен, мерейтойлық медальдармен және «мінсіз қызметі үшін» медальдарымен наградталған.

Үйленген, 4 баласы бар.

Back to top button