Әлеумет және қоғам

Қазақстанда 3 сәуірге ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман, жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Кей өңірлерде су тасқыны мен өрт қаупі сақталып, ауа райы күрт құбылады.

«Қазгидромет» 3 сәуірде Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы қолайсыз болатынын ескертті, деп жазады Qandastar.kz. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында жел күшейіп, көптеген өңірде тұман түседі.

Маңғыстау, Абай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі. Кейбір қалаларда, соның ішінде Орал, Өскемен және Павлодарда да көріну деңгейі төмендейді.

Ақтөбе облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер, найзағай және бұршақ болуы мүмкін. Түркістан,0 Қызылорда және Қостанай облыстарында да найзағай, қатты жел және шаңды дауыл күтіледі. Жел екпіні кей өңірлерде секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман мен көктайғақ болжанып, су тасқыны қаупі бар. Сонымен қатар Павлодар мен Ақмола облыстарында қардың тез еруіне байланысты өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Жалпы, алдағы күндері ауа райы құбылмалы болып, кей өңірлерде температураның төмендеуі де күтіледі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button