Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 9 сәуірде елдің көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауып, кей өңірлерде қар, тұман және қатты жел күтіледі. Сонымен қатар бірқатар облыстарда жоғары өрт қаупі сақталып, алдағы күндері ауа температурасы төмендейді.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Көптеген өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлады.

Елдің солтүстігінде, сондай-ақ түнгі уақытта батыс пен солтүстік-батыста кей жерлерде нөсер жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыс аймақтарда қар жаууы мүмкін. Ал шығыс өңірлерде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте дауыл тұруы ықтимал, ал оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін.

Бұдан бөлек, бірқатар өңірлерде жоғары өрт қаупі сақталады. Атап айтқанда, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Қарағанды және Абай облыстарының кей бөліктерінде өрт шығу қаупі жоғары.

Синоптиктер алдағы күндері ауа температурасының төмендейтінін де ескертті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button