10 сәуірге арналған синоптиктер болжамы бойынша, Алматыда күн бұлттанып, аздаған жаңбыр жауады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты OpenWeather порталына сілтеп жариялады. Күндіз ауа температурасы шамамен 19 градусқа дейін жылыса, түнде 9 градусқа дейін салқындайды. Желдің жылдамдығы 3,2 м/с деңгейінде болады.
Астанада да тұрақсыз ауа райы сақталады – өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз температура 10 градусқа дейін жетсе, түнде 5 градусқа дейін төмендейді. Жел сәл күштірек, шамамен 6,9 м/с.
Ал Шымкентте жағдай сәл жақсырақ: күн бұлтты болғанымен, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріліп, түнде 11 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы 5,8 м/с.


