Әлеумет және қоғам

Оңтүстіктегі жер сілкінісінен кейінгі жағдай бақылауға алынды

Жер сілкінісінен кейін «Қазселденқорғау» мамандары өзен арналары мен қауіпті аймақтарды тексеріп, ешқандай зақым анықтамады. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Жалпы жағдай тұрақты деп бағалануда.

Оңтүстік өңірде болған жер сілкінісінен кейін «Қазселденқорғау» мамандары өзен арналары мен гидротехникалық нысандарды, сондай-ақ көшкін және сел қаупі бар аймақтарды тексеріп, бақылау жүргізді. Бұл туралы Qandastar.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Сонымен қатар мамандар тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды да аралап, олардың жағдайын бағалады.

Тексеру қорытындысы бойынша ешқандай зақым анықталмаған. Қазіргі уақытта барлық нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Қираған ғимараттар немесе зардап шеккен адамдар туралы ақпарат тіркелмеген. Жалпы жағдай тұрақты деп бағалануда.

Айта кетейік, 3 сәуір күні Астана уақытымен сағат 21:13-те еліміздің оңтүстігінде жер сілкінісі болған. Жер сілкінісінің эпицентрі Ауғанстан аумағында орналасып, оның дүмпулерін Түркістан және Жамбыл облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласының тұрғындары сезді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button