Әлеумет және қоғам

Қазақмыс» Жамбыл облысында спорт инфрақұрылымын дамытты

Жамбыл облысының Шу қаласы мен Бірлік ауылында заманауи модульдік спорт залдары ашылды. Жобаға «Қазақмыс» корпорациясы 346 млн теңге инвестиция салды. Жаңа нысандар күніне 100-ге жуық адамға спортпен айналысуға мүмкіндік береді, балалар мен жасөспірімдер, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін де қолжетімді. Бұл жоба өңірді дамытудағы «Қазақмыстың» жүйелі жұмысын жалғастырады.

Жамбыл облысының Шу қаласы мен Бірлік ауылында заманауи, жылдам салынатын модульдік спорт залдары ашылды. Жоба «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және облыс әкімдігі арасындағы әріптестік аясында жүзеге асырылды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Құрылысқа бөлінген инвестиция көлемі 346 млн теңге болды. Жаңа нысандар жыл бойы жұмыс істейді және күніне шамамен 100 адамға спортпен айналысуға мүмкіндік береді.

Фото: Қазақмыс

Спорт залдары футбол, волейбол және баскетбол сияқты командалық ойындарға лайықталып жасалған. Шу қаласында (40 мыңнан астам тұрғын) ашылуы спорт инфрақұрылымының тапшылығын төмендетуге септігін тигізеді. Бірлік ауылының тұрғындарына (шамамен 5 мың адам) қыс мезгілінде де спортпен айналысу мүмкіндігі жасалған. Нысандар балалар мен жасөспірімдерге, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға да қолжетімді етіп жабдықталған.

Фото: Қазақмыс

Ашылу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, жергілікті атқарушы органдардың және «Қазақстан халқына» қорының өкілдері, өңір тұрғындары мен спорт ардагерлері қатысты.

Бұл жоба «Қазақмыстың» өз өңірлерін дамыту бойынша жүйелі жұмысының бір бөлігі. Шу ауданындағы жұмыс облыс әкімдігімен жасалған меморандумға сәйкес әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, елді мекендерді абаттандыруға және тұрғындарды қолдауға бағытталған.

2023 жылдан бері өңірдегі әлеуметтік жобаларға 1,7 млрд теңге инвестиция салынды. Қазіргі таңда спорт және балалар алаңдары, елді мекендерді абаттандыру және әлеуметтік осал топтарды қолдау жобалары іске асырылды. Спорт пен білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда.

Толығырақ: KAZAKHMYS.

Back to top button