
Ақмола облысында гидротехникалық нысанда апатты жағдай тіркелді.
Қорғалжын ауданында орналасқан «Шөптікөл» бөгеті бұзылып, төтенше қызметтер шұғыл әрекетке көшті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға Сабынды ауылынан солтүстікке қарай шамамен 2 шақырым жерде болған.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Қазіргі уақытта апат орнында жедел штаб жұмыс істеп, салдарды жоюға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде. Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімінің қызметкерлері және жол қызметтері тартылған.
Жалпы саны 170-ке жуық адам мен 43 техника бірлігі жұмылдырылды. Мамандар бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және судың бағытын бұру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Жағдай бақылауда, қосымша ақпарат нақтылануда.



