Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Жамбыл облысында әйел «TikTok»-та көршісі жайлы жалған ақпарат таратқан

Шу ауданының тұрғыны «TikTok»-та көршісі жайлы жалған ақпарат таратқаны үшін сот алдында жауап берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Шу қаласының тұрғыны «TikTok» әлеуметтік желісі арқылы көршісінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқан. Басылымда жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат бар», — делінген мәлімдемеде.

Сотта әйел кінәсін ішінара мойындады.

Сондай-ақ ол жәбірленушіден кешірім сұрағанын және бұдан былай мұндай ақпаратты таратпайтынын айтты.

Жәбірленуші істің мән-жайын растап, алайда азаматшамен татуласқанын мәлімдеп, іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.

Оған 180 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

Сот татуласуға байланысты іс бойынша өндірісті тоқтату мүмкіндігі туралы қорытындыға келді.

Сот қаулысымен әйел әкімшілік жауапкершіліктен босатылды, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Back to top button