Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Құмар ойынға жұмсаған»: ағасының малын сатып жіберген ер адам сотталды

Батыс Қазақстан облысында сеніп тапсырылған малды сатып жіберген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға Тасқала ауданында болған.

Сот материалдарына сәйкес, азамат өткен жылдың тамыз-қазан айлары аралығында ағасына тиесілі 90 бас қойды бағу үшін жауапкершілік алған.

Алайда ол құмар ойындарға тәуелді болып, букмекерлік кеңселерге тұрақты түрде бәс тіккен.

Қаржылық қиындыққа тап болған ер адам таныстарынан қарыз алып, оны да ойынға жұмсаған.

Қарыздарын өтей алмаған соң, сеніп тапсырылған малды заңсыз сатып, түскен қаражатты қайтадан бәс тігуге және берешектерін жабуға пайдаланған.

Нәтижесінде жәбірленушіге 4,8 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Сот барысында жәбірленуші — сотталушының ағасы — інісін қамауға алмауды сұрап, азаматтық талаптан бас тартқан.

Осыны ескерген сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button