Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер дүмпуі тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жер сілкінісі 8 сәуір күні Астана уақыты бойынша сағат 22:55-те тіркелді.

Алдын ала деректерге сәйкес, жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматы қаласынан шамамен 117 шақырым солтүстік-батысқа қарай, Алматы облысының Іле ауданы аумағында орналасқан.

Сезілу қарқындылығы Алматы облысы Күрті ауылында 2 балл деңгейінде тіркелген.

Мамандардың мәліметінше, мұндай әлсіз дүмпулер тұрғындар үшін айтарлықтай қауіп төндірмейді.

Сонымен қатар, ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары өңірдегі өзен арналары, гидротехникалық нысандар, сондай-ақ көшкін және сел қаупі бар учаскелер бойынша жоспарлы мониторинг жүргізді. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары да толық тексеруден өтті.

Тексеру қорытындысы бойынша ешқандай зақым анықталмаған. Барлық инфрақұрылым нысандары қалыпты жұмыс режимінде қызметін жалғастыруда.

Жағдай тұрақты және тиісті органдардың бақылауында.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button