
Ұлытау облысының Жәйрем ауылында адам шошырлық қылмыс тіркелді.
42 жастағы төрт баланың анасы кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға ауыл ішіндегі дүкендердің бірінде болған.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, әйелге пышақпен шабуыл жасалған.
Аталған іс бойынша күдік марқұмның бірге тұрған азаматтық некедегі жұбайына түсті.
Ол — 33 жастағы жергілікті тұрғын.
Қайғылы жағдайдан кейін күдікті өзіне қол жұмсамақ болған.
Қазіргі таңда ол медициналық мекемеде жатыр, жағдайы дәрігерлер бақылауында.
Сонымен қатар, палата маңына тәулік бойы полиция күзеті қойылған.
Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Емдеу шаралары аяқталған соң ол тергеу изоляторына жеткізіледі.
Оқиғаның мән-жайы толық анықталып жатыр.



