ЖаңалықтарСпорт

Тоқаев бокстан Азия чемпиондарын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.

«Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті.

Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді», — делінген мәлімдемеде.

Айта кетері, Қазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылғы Азия чемпионатын бес жүлдемен аяқтады. 80 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Дина Исламбекова бокстан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды.

Сондай-ақ Надежда Рябец (80 келіге дейін) чемпион атанса, Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Ал Әйгерім Саттібаева (48 келіге дейін) мен Валентина Хальзова (75 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button