
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде ұсынысын білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Президент әйгілі ойшыл әл-Фарабидің тарихтағы орны жайлы айтты.
«Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше.
Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы.
Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі», — деді президент.
«Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатын болады.



