
11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді.
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр», — делінген мәлімдемеде.
президенттер екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын талқыламақ.



