Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Қазгидромет 11 сәуірде Қазақстанның бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын ескертті. Соның салдарынан ауада зиянды заттар жиналып, тұрғындарға сыртта ұзақ уақыт болмау ұсынылды.

Синоптиктер 2026 жылғы 11 сәуірде Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа сапасы нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Қазгидромет деректеріне сәйкес, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Астана және Алматы қалаларында ауаның ластануына әсер ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Мамандардың түсіндіруінше, мұндай жағдайлар желдің болмауы немесе әлсіз болуы, тұман мен ауа қабаттарының инверсиясы сияқты факторлардың әсерінен туындайды. Соның салдарынан зиянды заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалады.

Осыған байланысты тұрғындарға, әсіресе ірі жолдар мен өндірістік аймақтардың маңында, ашық ауада ұзақ уақыт болмауға кеңес беріледі. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрілерін өзімен бірге алып жүі тиіс.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button