Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Өскеменде жантүршігерлік жол апаты: екі жүргізуші қаза тапты

Өскемен қаласында Малдыбаев көшесінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Қарсы бағытқа шығып кеткен көлік Mercedes-Benz-пен соқтығысқан. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Өскемен қаласында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, апат Малдыбаев көшесінде тіркелген. Бұл туралы Qandastar.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеп хабарлады.

Алдын ала деректерге сәйкес, 35 жастағы ер адам Honda Inspire көлігін тізгіндеп келе жатып, Аблакетка ауданынан қала бағытына қозғалған. Белгісіз себептермен ол қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апатының нәтижесінде екі көліктің де жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды. Ал Mercedes-Benz көлігінің жолаушысы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Back to top button