Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Шымкентте шетелдіктерді заңсыз тіркеген топтың жолы кесілді

Шымкентте заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр.

Прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Шымкент қаласында заңсыз көші-қонды ұйымдастырған топ ұсталды.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер шетел азаматтарының Қазақстан аумағына келуін ақшалай сыйақы үшін ұйымдастырып, оларды заңсыз жолмен заңдастырумен айналысқан.

Арнайы операция кезінде 28 тінту жүргізілді.

Нәтижесінде ондаған шетелдік паспорт, компьютерлік техника, байланыс құралдары, түрлі құжат бланкілері мен жалған еңбек келісімшарттары тәркіленді. Сонымен қатар ірі көлемде ақша және тіркелмеген қару табылды.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал бұл іске қатысы бар 13 адам полицияға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ішкі істер министрлігі көші-қон заңнамасын бұзғандар міндетті түрде жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button