ЖаңалықтарШоу бизнес

Халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

ІІМ заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған блогер Қайсар Қамзаны Вьетнамда ұстады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Интерпол арқылы Вьетнаммен бірлесе отырып, Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған блогерді ұстады.

Блогер әлеуметтік желілерде онлайн-казиноларды жарнамалап, құмар ойындарға адамдарды тартқан.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, блогер осы әрекеттерімен 100 млн теңгеден астам заңсыз табыс тапқан.

Барлық ақшасы оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылған.

Қазіргі уақытта, күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.

ІІМ өкілдері шетелде жасырынып жүрген қылмыскерлердің бәрі уақыт өте келе ұсталып, елге жеткізілетінін мәлімдеді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button