
Танымал кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтың билеген видеосы желіде кеңінен тарап, трендке айналды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бишілер қатарына кәсіпкердің жұбайы Баян Алагөзова, журналист Динара Сәтжан, әнші Мөлдір Мұқан қосылды.
Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.
«Трендті жабуға болады», — деп жазды ол.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
Бірі қолдап жатса, сынап жатқандар да бар.
«Недеген жиіркенішті көрініс», «Мына қатындарға не болған» және «Ағайын сендер сайқымазақтарды қолдап талдап отқанда еліміз кері кетіп бара жатыр ойланатын уақыт келді» деп жазып жатыр олар.



