Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

1 млн АҚШ долларын жымқырған күдікті Германиядан экстрадицияланды

10 жылдан астам уақыт халықаралық іздеуде жүрген аса ірі алаяқтық ісі бойынша күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Ведомство мәліметінше, күдіктіні елге қайтару жұмыстары Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері және Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асқан.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ол 2014 жылы алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірге компьютерлік техниканы жеткізуге көмектесемін деген сылтаумен қазақстандық кәсіпкердің 1 миллион АҚШ долларын иемденген.

Қылмыстан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

2025 жылдың қыркүйегінде ол Германия аумағында ұсталып, Қазақстан тарапының сұрауы бойынша елге берілді.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Егер кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button