Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда ҰБТ жүйесіне өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі бейнеүндеуінде айтты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Оның сөзінше, адами капиталды дамыту – мемлекеттік саясаттың басты бағыты. Осыған байланысты білім беру жүйесін жетілдіру, заманауи талаптарға сай мамандар даярлау маңызды.
Министр қазіргі таңда әлемде білім беру модельдері жаңарып, цифрлық технологиялар кеңінен қолданылып жатқанын атап өтті. Мұндай тәсілдер оқушылардың қабілетін ерте анықтап, жеке дамуына мүмкіндік береді.
Аида Балаеваның айтуынша, ҰБТ жоғары оқу орындарына түсу кезінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ететін тиімді құрал болып қала береді. Алайда қазіргі жүйе кейбір мәселелерді толық шешпейді. Мысалы, тестті бірнеше рет тапсыру талапкерлерді сапалы іріктеуге әрдайым мүмкіндік бермейді, ал жоғары оқу орындарының талапкерлерді өз бетінше іріктеу мүмкіндігі шектеулі.
Осыған байланысты бірнеше өзгеріс ұсынылды. Біріншіден, педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде ҰБТ-мен қатар арнайы және ауызша емтихандар енгізіледі. Бұл талапкерлердің сыни ойлау қабілеті мен коммуникациялық дағдыларын бағалауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, грант конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ны бір рет тапсыру жүйесін енгізу ұсынылды. Ал дайындық үшін сынақ тестілеу сақталады.
Үшіншіден, студенттердің едәуір бөлігі оқу барысында қажетті шекті балды жинай алмайтындықтан, талапкерлердің мамандықты саналы таңдауы маңызды екені атап өтілді.
Министрдің айтуынша, бұл өзгерістер білім сапасын арттырып, дарынды жастарды әділ іріктеуге бағытталған.
Толығырақ: Nur.kz.



