
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған салтанатты түрде қарсы алынды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Құрметті мейманды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі күтіп алды.
Рәсім барысында Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің истребительдері аспанда Түркия туының түстерін бейнелейтін қызыл және ақ жолақтар қалдырды.
Одан кейін мемлекет басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.



