
Аралда учаскелік полиция инспекторы тұрмыстық жанжал кезінде қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға болған кезде тәртіп сақшысы еңбек демалысында болған.
Қайғылы жағдай Қызылорда облысының Арал ауданында болған. Полицияның мәліметінше, жанжал кезінде учаскелік инспектор ауыр дене жарақатын алған. Дәрігерлердің көмегіне қарамастан, ол көз жұмды.
Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтаған. Оны ұстау үшін қажетті шаралар қолға алынған.
Тергеу барысында күдікті мен қаза тапқан полицейдің бұған дейін де байланысы болғаны белгілі болды. Полиция мәліметінше, күдікті отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтары үшін учаскелік инспектордың бастамасымен бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар оған қатысты бірнеше рет қорғау нұсқамасы шығарылған.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.


