Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Жаяу барғымыз келмеді»: ақмолалықтар бөтен көлікке отырып, арыққа түсіп кетті

Көкшетауда саяжайға жаяу бара жатқан үш адам жолай бөтен көлікті көріп, оны мініп кетуді шешкен.

Алайда олардың «сапары» бірнеше минутқа ғана созылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адам мен әйел жаяу келе жатқан. Үйлердің бірінің жанынан есігі ашық, ал кілті салонда тұрған ВАЗ-2106 көлігін байқап қалған. Ер адамдардың бірі рөлге отырып, қалған екеуі көлікке жайғасқан.

Бірақ көлік көп ұзамай жолдан шығып, арыққа түсіп кеткен. Осы кезде болған шуды естіген тұрғындар полиция шақырған.

Патрульдік полиция күдіктілерді 5-7 минуттың ішінде ұстап алды. Үшеуі де көлікті айдап кеткенін мойындаған. Сонымен қатар екі ер адамның бұған дейін мүліктік қылмыстар бойынша жауапқа тартылғаны анықталды.

Қазір бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button