Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

36 апталық сәби қоқыс жәшігінен табылды: дәрігерлер жағдайын айтты

Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәрестенің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Шақалақ 2 қыркүйек күні Қордай аудандық ауруханасына жеткізілген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қыз бала сағат 10:00-де аурухананың босандыру бөліміне түскен.

Нәрестенің салмағы — 1778 грамм.

Дәрігерлер оның шамамен жүктіліктің 36-аптасында дүниеге келгенін анықтаған.

Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Ол өздігінен тыныс алып жатыр.

Мамандар нәрестеге қажетті медициналық көмек көрсетіп, тиісті тексерулер жүргізуде.

Алдын ала мәлімет бойынша, жаңа туған қыз Гвардейск әскери қалашығындағы қоқыс жәшігінен табылған. Қазір полиция баланың анасын анықтау және оқиғаның мән-жайын тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button