Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрын атқарған қызметінен босатылды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Ақордаға сілтеп хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратында бірқатар жаңа тағайындау жасалды.
Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Аппарат басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалып, бұрынғы лауазымынан босатылды.
Руслан Фатихұлы Жақсылықов Аппарат басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол да бұрынғы қызметінен босатылды.
Ал Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Тиісті жарлық пен өкімдерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.



