Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы болып тағайындалды. Сонымен қатар аппарат басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарлары қызметтеріне жаңа тұлғалар келді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрын атқарған қызметінен босатылды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Ақордаға сілтеп хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратында бірқатар жаңа тағайындау жасалды.

Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Аппарат басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалып, бұрынғы лауазымынан босатылды.

Руслан Фатихұлы Жақсылықов Аппарат басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол да бұрынғы қызметінен босатылды.

Ал Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Тиісті жарлық пен өкімдерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button