Әлеумет және қоғамЖаңалықтарСпорт

Көшпенділер ойынында қазақстандық шабандоздың ерекше өнері желіні тәнті етті

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өнер көрсеткен қазақстандық шабандоз Бақтыбай Қанаттың видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр. Ат үстінде орындаған күрделі трюктері көпшіліктің таңданысын тудырып, желі қолданушылары спортшының шеберлігіне жоғары баға беруде.

Әлеуметтік желілерде қазақстандық шабандоз Бақтыбай Қанаттың Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы өнері көрсетілген видео кеңінен таралып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды, дейді Qandastar.kz сайты.

TikTok желісінде жарияланған бейнежазбада спортшының шауып келе жатқан аттың үстінде күрделі трюктерді асқан шеберлікпен орындаған сәті бейнеленген. Шабандоздың ептілігі мен кәсіби дайындығы көрермендердің зор қошеметіне ие болды.

Видео авторы жазбаға: «Жасаған бере салған қазағымның жігіттері мықты ғой, шын мәнінде. Сіздерге қазақтар да шоу жасайды» деген пікір қалдырған.

Желі қолданушылары Бақтыбай Қанаттың шеберлігіне жоғары баға беріп, оның өнерін ұлттық ат спортының жарқын үлгісі ретінде атап өтті. Қысқа уақыт ішінде бейнежазба мыңдаған қаралым мен пікір жинап, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button