Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қостанайда күнбағыс өнімдері сақталған қойма өртенді

Қостанайдағы кәсіпорын аумағында күнбағыс майы мен тұқымы сақталған қоймадан өрт шықты. ТЖМ қызметкерлері өртті оқшаулады, қазір оны толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Қостанай қаласындағы Ш. Жәнібек көшесінде орналасқан ЖШС аумағында қойма өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, дейді Qandastar.kz.

Нақтыланған мәліметке сәйкес, қоймада күнбағыс майы мен күнбағыс тұқымы сақталған. Өртті оқшаулауға ТЖМ күштері жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button