Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

22 тонна синтетикалық май: Түркістанда жүк көлігі отқа оранды (ВИДЕО)

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында жүк көлігі отқа оранып, жолға синтетикалық май төгілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға Рабат ауылынан шамамен 8 шақырым жерде, республикалық маңызы бар «Алматы–Термез–Ташкент» автожолында болған. Тіркемесі бар жүк көлігі мен оған жақын аумақтағы шамамен 1 гектар құрғақ шөп жанған.

Жүк көлігінің ішінде 22 тонна синтетикалық май болған. Өрт салдарынан көлік пен тіркеме толықтай жанып кеткен. Майдың бір бөлігі жолдың жүру бөлігіне төгілген.

Өртті Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ТЖМ күштері сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқиға орнында жол қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар төгілген майдың салдарын жоюда. Арнайы жұмыстар шамамен 500 метр жол учаскесін қамтиды.

Өртті жоюға 20 құтқарушы мен 5 арнайы техника жұмылдырылған.

 

Посмотреть в Threads

Ұқсас Мақалалар

Back to top button