Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Пәтерді жарқанаттар басып алды: Алматыдағы видео жұртты шошытты

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде күтпеген жағдай болды.

Пәтердің ішіне үш жарқанат кіріп, тұрғындарды әбігерге салған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға сәті видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде тарады.

 

Кадрдан бөлме ішінде үш жарқанаттың біресе төбеге, біресе қабырғаға қарай ұшып жүргенін көруге болады.

Жарқанаттардың үйге қалай кіріп кеткені әзірге белгісіз. Видео авторы да жағдайдың қалай өрбігенін нақты түсіндірмеген.

Жазбаға пікір қалдырғандардың реакциясы әртүрлі болды. Кейбір қолданушылар мұндай жағдайдан кейін үйден көшіп кететінін әзілмен жазса, енді бірі жарқанаттардан қорықпайтынын айтып, жағдайға сабырмен қараған.

Ал желі қолданушыларының бір бөлігі үйге жарқанаттардың қайдан кіргенін талқылап жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button