Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

$1,5 млн алаяқтық жасады деген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Алматыда коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатамын деп 1,5 млн долларды иемденді деген күдікті Грузиядан Қазақстанға жеткізілді. Ол халықаралық іздеуде болған.

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Грузиядан елге жеткізілді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Тергеу дерегінше, күдікті 2023 жылғы қараша-желтоқсан айларында Алматыда коммерциялық жылжымайтын мүлікті сататынын айтып, жәбірленушіден 1,5 млн АҚШ долларын алдап алған.

Кейін күдікті қылмыстық қудалаудан бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылғы желтоқсанда ол Грузия аумағында ұсталды.

Күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігі Интерполының және Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асқан.

Қазір күдікті Қазақстанға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, заңнамаға сәйкес 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button