Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Дәулет Төлеутайұлының тойында жұлдыздар «Қазақша ламбада» билеп, желіні шулатты

Кәсіпкер Дәулет Төлеутайұлы ұйымдастырған салтанатты кештен тараған видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Жұмабек Жанықұлов, Динара Сәтжан және өзге де қонақтардың «Қазақша ламбада» әніне жаппай би билеген сәті көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Кәсіпкер Дәулет Төлеутайұлы ұйымдастырған салтанатты кештен тараған көңілді видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, дейді Qandastar.kz.

TikTok желісіндегі @timurasylhanov парақшасында жарияланған бейнежазбада қонақтардың «Қазақша ламбада» әніне жаппай би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған сәті көрсетілген. Видеода кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов, тележүргізуші Динара Сәтжан және басқа да қонақтар ән ырғағына ілесіп, тізбектеле би билейді.

Кеш барысында әнді жанды дауыста орындаған Қайрат Нұртас көпшілікті биге шақырып, мерекелік атмосфераны қыздыра түскен. Ал шараны ұйымдастырған Дәулет Төлеутайұлы видео барысында: «Міне, нағыз қазақша ламбада басталды!» деп әсерімен бөліскен.

Желі қолданушылары бейнежазбаға жылы пікір қалдырып, қонақтардың көтеріңкі көңіл-күйі мен еркін биін жоғары бағалаған. Қысқа уақыт ішінде видео мыңдаған қаралым жинап, әлеуметтік желілерде кеңінен таралып үлгерді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button