Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазақстанда алаяқтыққа күдікті 14 Корея азаматы ұсталды

Қазақстанда алаяқтық колл-орталықтардың қызметіне тосқауыл қойылып, Корея Республикасының 14 азаматы ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, операция 23 шілде күні жүргізілген. Ұсталған азаматтарға қатысты Корея Республикасының құқық қорғау органдары телекоммуникациялық жүйелер арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық іс тергеп жатыр.

Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларына жүргізілген тінту барысында заңсыз әрекеттерде пайдаланылған компьютерлер, ноутбуктер және ұялы телефондар тәркіленген.

Қазіргі уақытта ұсталғандар процестік шараларды жүргізу және кейін елден депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button