Әлеумет және қоғамЖаңалықтарСпорт

Қазақстандық палуан қырғызстандық қарсыласын аттан аударып түсірді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан мен Қырғызстан палуандары аударыспақтан күш сынасты. Тартысты белдесудің шешуші сәтінде қазақстандық спортшы қарсыласын ат үстінен аударып, жеңіске жетті.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен аударыспақ сайысынан түсірілген тартысты видео әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

TikTok желісіндегі @naimanuralii парақшасында жарияланған бейнежазбада Қазақстан мен Қырғызстан спортшыларының ат үстінде белдескен сәті көрсетілген. Екі палуан да қарсыласын ерден аударып түсіруге бар күшін салған.

Тартысты бәсекенің шешуші сәтінде қазақстандық спортшы қарсыласын ат үстінен аударып түсіріп, жеңіске жеткен.

Бейнежазба желі қолданушыларының назарын аударып, көпшілік қазақстандық спортшыға қолдау білдірген. Роликке рухты ән қосылып, ұлттық спорт жанкүйерлері арасында қызу талқыға түскен.

Видео қысқа уақыт ішінде көптеген қаралым жинап, желіде кеңінен таралды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button