Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзге мемлекет басшыларымен бірге ашылу салтанатына қатысқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өту барысын жіті бақылап отыр. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Ақордаға сілтеп хабарлады.
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан құрамасы сапындағы спортшыларға ізгі тілегін жеткізді. Президент жарыстардың достық пен әділдік қағидаттары аясында өтіп жатқанын атап өтіп, отандық спортшыларға жеңіс тіледі.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар мен бапкерлерге алғысын білдірді. Ол ұлттық құраманың жетістігіне үлес қосқан барлық азаматтың еңбегі ескерілетінін айтты.



