Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматы облысында тауда жарақат алған турист құтқарылды

2600 метр биіктікте аяғын қайырып алған әйел өздігінен жүре алмай қалған. Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге түсіріп, медицина мамандарына тапсырды.

Алматы облысының Қарасай ауданында тауға шыққан турист әйел жарақат алып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Оқиға түнгі уақытта «Терра» алаңы маңында, теңіз деңгейінен шамамен 2600 метр биіктікте болған. Әйел аяғын қайырып алып, өздігінен қозғала алмаған.

Оқиға орнына Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары жетіп, туристке алғашқы қажетті көмек көрсетті. Мамандар оны қауіпсіз жерге түсіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Төменге жеткізілгеннен кейін зардап шеккен әйел әрі қарай медициналық көмек көрсету үшін ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button