Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Қонақжай ел екен»: Бельгия азаматы Қазақстан полицейлеріне алғысын білдірді

Қазақстан жолында жүрген бельгиялық турист бағытынан жаңылысып, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға Алматы – Өскемен республикалық автожолының 504-шақырымында, Жетісу облысы аумағында болған.

Сол жерде патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне Бельгия азаматы жол бағытын анықтау үшін жүгінген.

Полицейлер туристке қажетті бағытты түсіндіріп, жолын көрсеткен. Осылайша шетелдік қонақ сапарын қауіпсіз түрде жалғастырған.

Көрсетілген көмекке риза болған бельгиялық азамат полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, қазақстандықтардың жылы қарым-қатынасы мен қонақжайлығына жоғары баға берген.

Жетісу облысының полициясы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, жолда қиындыққа тап болған азаматтарға, соның ішінде шетелдік туристерге де көмек көрсететінін атап өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button