Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Көлік пен жүк көлігі соқтығысты: әйел салонда қысылып қалды

Алматы облысында жол апатынан кейін әйел көлікте қысылып қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алматы облысының Қарасай ауданында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, бір әйел зардап шекті.

Жол апаты Елтай ауылында болған. Соққыдан кейін әйел жеңіл автокөліктің салонында қысылып қалған.

Оқиға орнына ТЖМ Республикалық «Барыс» құтқару қызметінің мамандары жетті. Құтқарушылар арнайы авариялық-құтқару құралдарын пайдаланып, әйелді көліктен шығарып алды.

Зардап шеккен әйел кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Back to top button