Әлеумет және қоғамБасты жаңалықтарЖаңалықтар

3,7 млрд теңге залал: Қазақстанда екі айда жүздеген жемқорлық ісі анықталды

Қазақстанда шілде мен тамыз айларында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 201 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Осы істер бойынша 140 адам күдікке ілінді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, анықталған фактілердің басым бөлігі пара алу, алаяқтық, тонау және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалануға қатысты.

Екі айдың ішінде 126 қылмыстық істің тергеуі аяқталған. Оның 110-ы соттың қарауына жіберілді.

Ал осы қылмыстар салдарынан келген залалдың жалпы көлемі 3,7 млрд теңгені құраған.

Яғни небәрі екі айда жемқорлыққа қатысты жүздеген іс қозғалып, ондаған адам жауапқа тартылған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button